Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бітімгерлік күштің Қазақстан аумағында келуі ұйымның қажетті екенін көрсету екенін мәлімдеді.
Қазақстан Президенті ҰҚШҰ-дағы әріптестерін бітімгерлік контингенттің республикадан шығарыла бастағаны жөнінде мәлімет беріп, оларға террористік шабуыл кезінде қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді
Ұжымдық бітімгершілік күштерінің Қазақстанда қысқа мерзімге келуі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) беделді халықаралық ұйым ретінде қажетті әрі тиімді екенін көрсетті. Бұл туралы республика президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ға мүше елдердің мемлекет басшыларымен телефон арқылы сөйлесу барысында мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы ұжымдық бітімгерлік күштерінің Қазақстанға қысқа мерзімге келуі ҰҚШҰ-ның беделді халықаралық ұйым ретінде қажетті әрі тиімді екенін көрсетті деп атап өтті», — делінген Тоқаевтың баспасөз қызметінің хабарламасында.
Оның айтуынша, Қазақстан Президенті ҰҚШҰ-дағы әріптестерін бейсенбі күні бітімгерлік контингенттің республикадан шығарыла бастағаны жөнінде мәлімет беріп, оларға террористік шабуыл кезінде қодлау көрсеткені үшін алғыс білдірді.