Тоқаев Ресей мен Украинаны қақтығысты бейбіт жолмен шешуге шақырды

Қазақстан Президенті Қ.Қ.Тоқаев Ресей мен Украинаны ортақ тіл табуға шақырып, ҚР-ның екі ел арасында делдал болуға дайын екенін мәлімдеді.

«Біздің ұстанымымыз мемлекетіміздің қауіпсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуді көздейді. Біз 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізген ел ретінде еуразиялық қауіпсіздіктің тұтастығы қағидатына бейілдіміз. Мен бұл туралы 10 ақпанда Мәскеуге жасаған сапарымда айттым. Өкінішке қарай, олай болған жоқ. Минск келісімі қағаз жүзінде қалды, соның салдарынан Украина аумағында әскери іс-қимылдарға алып келді», — деді Тоқаев «Аманат» деп атауын өзгерткен Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде.

Оның айтуынша, геосаяси жағдай бұрын-соңды болмаған жағдайда ушығып кетті, қазір бұл тенденцияның қайтымсыздығы туралы айту орынды.

«Сондықтан біз екі мемлекетті келіссөздер үстелінде ортақ тіл табысуға, уағдаластықтар мен келісімге келуге шақырамыз. Басқа жол жоқ. Жақсы жанжалдан жаман бітім артық. Бейбітшіліксіз даму болмайды», — деді Президент.

Добавить комментарий