Қазақстан мен Украина Президенттері телефон арқылы сөйлесу барысында бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.
Мемлекет басшыларының сөйлесуі Украина тарапының бастамасымен өтті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Украина президенті Владимир Зеленский Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстар мәселелерін талқылады, деп хабарлады Ақорда.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық нормалары негізінде дипломатиялық жолмен шешуге қатысты Қазақстанның ұстанымын растады», — делінген хабарламада.