Тоқаев пен Ердоған телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлескенін хабарлады.

Қазақстан Президенті әріптесін сайлау нәтижесімен құттықтап, парламенттік сайлауда Әділет және даму партиясы бастаған республикалық альянстың жеткен жетістігін атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Түркия президенттері бауырлас екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.

Добавить комментарий