Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянды премьер-министр лауазымына тағайындалуымен құттықтады.
«Сізге артылған сенім – қоғамдағы тұрақтылықты, бірлік пен келісімді қамтамасыз етуге, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, Арменияның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған саясатыңыздың кең қолдау тапқанының айқын көрінісі», — делінген жеделхатта.
Мемлекет басшысы Никол Пашинянның аса жауапты мемлекеттік лауазымдағы қызметі Арменияның тұрақты дамуы мен ілгерілеуіне, сондай-ақ, Қазақстанмен арадағы екіжақты және көпжақты қатынастарды кеңейтіп, тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияның Премьер-Министріне зор денсаулық, мол табыс және достас армян халқына игілік пен бақ-береке тіледі.