Тоқаев қоныс аударушыларға арналған жәрдемақыны ұлғайтуды ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоныс аударушыларға арналған жәрдемақыны екі есеге ұлғайту және мигранттар үшін жағдайды жеңілдету туралы бастама көтерді.

«Мемлекет мигранттар үшін барынша тиімді жағдай жасауы тиіс. Жақында мен Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен бардым. Өңірде демографиялық өсім бойынша ең төмен көрсеткіш, алайда өңірге қоныс аударушыларды тарту бойынша жақсы нәтиже көрсетіп отыр», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ынталандыру үшін қосымша шара ретінде ол мигранттарға берілетін жәрдемақының мөлшерін 35 АЕК-тен 70-ке дейін (97 230-дан 194 460 тг-ға дейін) екі есе арттыруды ұсынды.

Бұл мәселені үкіметке бір ай ішінде қарауды, содан кейін тиісті шешім шығаруды тапсырды.

Добавить комментарий