Қазақстан Президенті Қ. К. Тоқаев Қазақстанда олигархиялық капитализм дәуірі аяқталуға жақын екенін мәлімдеді.
«Мемлекет елімізде жұмыс істейтін барлық ірі тау-кен өндіруші компаниялардың қызметін жіті бақылап отыр. Біз капиталды шетелге заңсыз шығаруға жол бермейміз. Олардың түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруын қадағалайтын боламыз.
Өндірісті жаңғырту, экологияны қорғау процесіне ерекше назар аударылатын болады. Ерекше бақылауда — салық төлемдері. Егер ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар бұл талаптарды орындамаса, біз серіктестікті тоқтатуға мәжбүр боламыз.
Бұл ешқандай да қорқыту емес, өркениетті әлемде жалпы қабылданған қарапайым, адал және әділ еңбек ережелері.
Қазақстанда олигархиялық капитализм дәуірі аяқталып, ел азаматтары алдындағы әлеуметтік жауапкершілік кезеңі басталады. Біздің азаматтарға ел экономикасында жетекші орын алатын иеленетін тиімді және әлеуметтік жауапты бизнес қажет», — деді Тоқаев.