Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оқ-дәрілерді қоймаларында әлі де шешілмеген түйінді мәселелердің бар екенін айтты.
«Қару-жарақ қоймаларында әлі де шешілмеген түйінді мәселелердің бар екені анық. Арыста болған жарылыстан кейін менің тапсырмам бойынша біртіндеп шешіле бастады. Бұл оқиға (Тараз маңындағы жарылыстар — ред.) осы бағыттағы жұмыстарды жеделдету қажет екенін көрсетті», — деді Тоқаев Жамбыл облысындағы жарылыстарға байланысты жұма күні өткен шұғыл кеңесте.
Еске сала кетейік, 26 тамыз күні сағат 19:00-де Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылды, кейінірек қорғаныс министрлігі алты жарылыс болғанын айтып, бірақ артынан жарылыст 10 тіркелгенін хабарлады. Адам шығына бар, соңғы мәліметтер бойынша, олардың саны тоғыз адам болды.
26 тамызда оқиға орнына қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бастаған комиссия аттанды, ол 27 тамыз күні отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді.
Жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Жарылыстардың себебі қасақана өртеу болуы мүмкін. Сонымен қатар, аталған қоймада 2019 жылғы жарылыстардан кейін Арыстан шығарылған оқ-дәрілердің бір бөлігі сақталғаны анықталды.
Тараз маңындағы жарылыстан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туған-туыстарына мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі деп уәде берілді.
27 тамызда Тоқаев төтенше кеңес шақырып, жарылыстар жағдайы бойынша ВАК құруды және ҰҚК мен басқа да органдарға жалған ақпараттың таралуына жол бермеуді тапсырды.