Қазақстан Президенті елдің ұлттық табысын бөлудегі әділетсіздікті жою қажет екенін мәлімдеді.
Ол еліміздің байлығының жартысы 162 адамның ғана қолында екенін атап өтті.
Осы ретте халықтың жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайды деді.
Жағдайды дереу өзгерту керек, деп мәлімдеді президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық кәсіпкерлермен өткен кездесуде.
«Ұлттық табыс құрылымында 2020 жылы бизнестің табысы ең жоғары үлесті алған — 61,5%, салықтардың үлесі бар болғаны — 7,3%, ал қазақстандықтардың жалақысының үштен бірінен азы — 31%. Бұл өте аз. Ұлттық табыстың әділ бөлінуі бойынша теңгерімсіздік пен проблеманың бар екені айдан анық», — деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев жүйедегі теңгерімсіздікті шұғыл түрде жою қажет деп санайды, өйткені ұлттық табысты бөлудегі теңсіздік ел үшін қауіпті.
«Халықаралық сарапшылар, соның ішінде KPMG, Қазақстан байлығының жартысы 162 адамның ғана қолында екенін растап отыр, осы ретте халықтың жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайды. Бұл – жылына 1300 доллардан сәл ғана асады деген сөз. Мұндай ақшамен өмір сүру мүмкін емес, бұлай жіктелу мен теңсіздіктің қауіпті екенін айтқан болатынмын, жағдайды дереу өзгерту керек», — деді Президент қазақстандық кәсіпкерлермен өткен кездесуде.
Ол ел өзгергенін және онымен бірге қазақстандықтардың билікке, экономикалық жүйеге және жалпы өмірге деген көзқарасы өзгергенін атап өтті.
«Қаңтарда болған қайғылы оқиғалар жылдар бойы қордаланған мәселелерді көрсетіп берді, Бүгінгі күні бүкіл қоғамдық құрылымды өзгертудің міндеті тұр. Бізге Қазақстан азаматтарының мүддесіне сай келетін нақты реформалар қажет «, — деді Президент.