Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Тоқаев әлемдік экономиканың бөлшектенуіне не түрткі болғанын айтты

25 мая 02:29 / Опубликовано в Саясат

Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев әлемдік экономика соңғы жылдары бөлшектенуіне не себеп болғанын айтты.

Қазақстан әлемдік нарықтарға тауарларды, шикізатты және ауыл шаруашылығы өнімдерін үздіксіз жеткізу ісін қамтамасыз етуде сенімді серіктес болып қала береді, деп атап өтті Президент.

Осы күндері Давоста өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығы ұйымдастырған дөңгелек үстел қатысушыларына бейнеүндеу жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы өз үндеуінде әлемдік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, COVID-19 пандемиясына қатысты жағдай мен Украинадағы оқиғалар әлемдік экономиканың бөлшектенуіне түрткі болды. Бұл Еуразия құрлығында жаңа геосаяси сынаққа алып келді.

Президент пандемияға қарсы күрес аясында денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге, шағын және орта бизнесті, инфрақұрылымдық жобаларды қолдауға қатысты мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы айтты.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев форумның қатысушыларына елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси-экономикалық реформалар жөнінде, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін алдағы республикалық референдумға дайындық барысы туралы жан-жақты мәлімет берді.

Мемлекет басшысы қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік және корпоративтік басқару (ESG) салаларындағы мақсаттарды жүзеге асыруға Қазақстанның бейілді екенін атап өтті. ол еліміздің әлемдік нарықтарға тауарларды, шикізатты және ауыл шаруашылығы өнімдерін үздіксіз жеткізу ісін қамтамасыз етуде сенімді серіктес болып қала беретінін мәлімдеді.

«Жасыл» экономиканы дамыту, энергетиканың тиімділігін арттыру және жаңартылатын энергия секторын өркендету біздің Көміртегін төмендету жөніндегі стратегиямыздың басымдықтары саналады. Бұл 2060 жылға қарай қалдықтарды мүлде жоюға оңтайлы жол ашады», – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында Қазақстанның адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы халықаралық міндеттемелер мен қағидаттарға адал екенін атап өтті.

Дөңгелек үстелге ірі жаһандық инвестициялық компаниялардың, коммерциялық емес сектордың және халықаралық БАҚ өкілдері қатысты.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: Давос, Қазақстан, Қасым-Жомарт Тоқаев, әлемдік экономика

Читать ещё

Қазақстанмен шекарада серіктес қала пайда болуы мүмкін
Менің намысыма тимейді: Алексей Цой отставкаға кетуді сұрайтындарға жауап берді
Белсенділер ҚР Конституциясының жаңа жобасын әзірледі

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Ресей Болгариядағы елшілігін жабу мәселесін қарастыруды жоспарлауда

    РФ билігі Болгариядағы мемлекеттің дипломатиялы...
  • Киев: Украиналық борш ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енгізілді

    Украиндықтардың басты ұлттық тағамдарының бірі ...
  • Қазақстанның елтаңбасы қоқысқа тасталды

    Павлодарда қоқыста Қазақстанның елтаңбасы табыл...
  • Талдықорған: Ер адам мешітте имамды соққыға жықты

    Талдықорғанда имамды ұрған деструктивті діни ағ...
  • Алматылық санитарлық дәрігерлер балмұздақты таза зұлымдық деп атады

    Қазақстандық санитарлық дәрігерлер балмұздақтың...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: