Тоқаев лаңкестерді батыр деп атауға қарсы

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан телеарнасына берген сұхбатында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде заңды бұзған адамдарға қатысты шаралар қабылданатыны туралы айтты.

«Бұзақылар туралы мәселеге келсек, кейбір адамдар жазықсыздарды еш себепсіз қамауға алды деп ойлайды. Бірақ мынаны ұмытпауымыз керек: олардың ішінде лаңкестер де, қылмыс жасаған азаматтар да бар. Қараңызшы, мыңдаған адам қаланы қиратып, нағыз террористік әрекеттерге барды. Бірақ қазір бәрі жай ғана бейбіт азаматтар болып шықты. Бұған кім сенеді?»- Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент лаңкестер мен қарақшыларды халық қаһармандары мен батырлары деп атауға болмайтынын атап өтті.

«Бұл – ешқандай шындыққа келмейтін жалған уәж. Егер біз ақиқатына көз жеткізбей, олардың айтқанына сенетін болсақ, елімізге тағы бір үлкен қауіп төндіреміз. Бұл қарақшыларды Қазақстанға шақыру деген сөз. Сондықтан аталған мәселеде біз өте сақ болуымыз керек. Әрбір іс бойынша мұқият тергеу жүргізуіміз қажет», — деді Мемлекет басшысы.

Добавить комментарий