Тоқаев әкімдердің вакцинация жүргізу жұмыстарына баға берді

Тоқаев пандемия жергілікті билік басшылары үшін сынақ болды деді. Президент иммунизация курсынан 2,8 миллион қазақстандық өткенін атап өтті.

«Пандемия өңір басшылары үшін нағыз сынақ болды. Бұл сынақты кем дегенде әкімдердің жартысы, ең жақсы дегенде, «үшке» тапсырады», — деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте.

Президенттің пікірінше, вакциналау деңгейі төмен өңірлерге әдістемелік көмек көрсету үшін шұғыл түрде көшпелі бригада жасақтау керек.

«Бұл ретте аймақтың ерекшелігін ескеру, көңіл-күйді алдын ала зерттеу, «температураны»өлшеу өте маңызды», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Добавить комментарий