Қазақстан Президенті Қ.Қ.Тоқаев жаңа Қазақстан әділетті мемлекет болатынын мәлімдеді.
Бұл туралы Amanat партиясының кезектен тыс XXІІI съезінде мәлімдеді. Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстан қандай екенін айтты.
Тоқаев өзінің тапсырмасы бойынша «Конституцияға түзетулер енгізу жобасын дайындау жұмыстары шұғыл басталғанын» еске салды.
Негізгі заңға өзгеріссіз белгіленген ауқымды өзгерістерді тиімді іске асыру мүмкін еместігі түсінікті… Азаматтар тарапынан: «Жаңа Қазақстан дегеніміз не?», — деген сауал жиі қойылып жүр. Менің ойымша, бұл сұраққа қысқа да нұсқа жауап беруге болады. Жаңа Қазақстан дегеніміз – шын мәнінде Әділетті Қазақстан.
Президент «Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар елдің бүкіл саяси архитектурасын кешенді түрде қайта қарауға, билік тармақтары арасындағы тежеу мен тепе-теңдіктің неғұрлым теңгерімді жүйесін құруға бағытталғанын» атап өтті.
Біз суперпрезиденттік басқару түрінен түбегейлі бас тартамыз, Парламент пен мәслихаттардың өкілеттігін күшейтеміз. Партиялық-саяси жүйені жаңғырту – басым бағыттың бірі.
Мемлекет басшысының айтуынша, «елімізде жаңа партиялар пайда болады, ал бұрыннан барлар қазіргі тенденциялар мен азаматтардың талаптарына сай өз қызметін қайта қарап, құрылымдауға кіріседі».