Тоқаев Бас прокуратураға тәртіпсіздікке қатысқандардың кінәсі қандай дәрежеде екенін анықтауды тапсырды

Бас прокуратураға басқа адамдардың кінәсі қандай дәрежеде екенін анықтауды тапсырамын. Жау

«Қасіретті қаңтар» оқиғалары кезінде және төтенше жағдай енгізілгеннен кейін түрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін 2 мыңға жуық адам ұсталды. Қылмыс жасаған адамдар заң бойынша жауапқа тартылады. Бас прокуратураға басқа адамдардың кінәсі қандай дәрежеде екенін анықтауды тапсырамын. Жауаптылықты ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету үшін шара қабылдаған жөн», — деп жазды Тоқаев жұма күні өзінің Twitter-тегі парақшасында.

Бұған дейін жетекші құқық қорғаушылар Тоқаевты қуғын-сүргінді тоқтату үшін шара қабылдауға шақырған болатын.

Добавить комментарий