Тоқаев БҰҰ-ны реформалауды ұсынды

Қазақстан президенті Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде ұйымды реформалауға шақырды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясының жалпы дебатының ашылуында сөйлеген сөзінде жаһандық дағдарыстар климаттың өзгеруіне қарсы күресу және орнықты дамуды қолдау жөніндегі біз бәріміз келіскен жедел шаралардың жүзеге асырылуына айтарлықтай кедергі келтіретінін айтты.

«Осыдан 77 жыл бұрын БҰҰ-ның негізін қалаушы мемлекеттер Ұйымның Жарғысына халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормаларын енгізді. Бұл ережелер осы уақыт аралығында біздің қызметімізді тиімді реттеп келді. Қазір осы әмбебап Ұйымның негізінде қалыптасқан іргелі қағидаттарға қайта оралу аса маңызды. Атап айтқанда, біз мемлекеттер егемендігінің теңдігі, мемлекеттердің территориялық тұтастығы, мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі секілді бастапқы үш қағидат арасындағы байланысты қайта зерделеуіміз қажет. Бұл үш қағидат өзара бір-біріне тәуелді», – деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, бұл үш қағидат өзара бір-біріне тәуелді. Осы қағидаттардың бірін сақтау қалған екеуін ұстануды білдіреді. Ал олардың бірін бұзу, басқа екеуін бұзған болып саналады.

Бұл қағидаттар бірге кеңейтілген мемлекетаралық ынтымақтастықтың келесі үш деңгейіне негіз болады: субөңірлік, өңірлік және жаһандық.

Бұл адамзат үшін пайдалы.

«БҰҰ аясында бекітілген құндылықтар жүйесі әлемнің түпкір-түпкіріндегі миллиондаған адамға үміт сәулесі болып қала береді. Біз ынтымақтастық рухына негізделген БҰҰ-ны басшылыққа алып, аталған құндылықтарды батыл қорғауға тиіспіз. Басқаша айтқанда, біз қол қусырып, әлемнің полярлануына және бөлшектенуіне көне алмаймыз. Біз ортақ мұрамыз бен игілігімізге нұқсан келтіретін батылсыздыққа немесе біржақты мүддеге жол беруге құқымыз жоқ. Көп нәрсеге тәуекел етуге тура келед.» – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған байланысты Қазақстан  инклюзивтілік, көпжақтылық және ізгі ниет жолында тиісті субъектілердің бәрімен ынтымақтастық орнатуға дайын.

Қасым-Жомарт Тоқаев тек күш жұмылдыра отырып қана қазіргі заманның сын-қатерлеріне төтеп бере алатынына сенімді екенін атап өтті.

«Ортақ мақсатымызға қол жеткізу үшін біз мынадай бағыттарда әрекет етуге тиіспіз. Өткен жылдардағы көптеген және көбіне өзара байланысты дағдарыстар жаһандық басқаруда айтарлықтай кемшіліктер бар екенін көрсетті. Олар БҰҰ-ны жаңғырту және реформалау қажет екенін айқындап берді», — деп түйіндеді сөзін Президент.

Добавить комментарий