Тоқаев БҰҰ-ны Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін күш біріктіруге шақырды


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/01/speech-46327-1673638304-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать
Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев БҰҰ орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу маңызды екенін атап өтті. Оның пікірінше, елдер күш біріктіруі тиіс.
Сонымен қатар, жұма күні «Жаһандық оңтүстіктің дауысы» виртуалды саммитінде сөйлеген сөзінде Тоқаев азық-түлік пен тыңайтқыштардың халықаралық саудасына санкция салынбауы тиіс екенін мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы дүниежүзілік азық-түлік тапшылығымен күресте Қазақстан өзінің ауыл шаруашылығы әлеуетін одан әрі пайдалануға ниетті екенін мәлімдеді. Оның пікірінше, азық-түлік пен тыңайтқыштардың халықаралық саудасына санкция салынбауы және басқа да шектеулер қойылмауы керек», — делінген Қазақстан презилентінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік, тыңайтқыштар мен медициналық бұйымдардың жаһандық жеткізу тізбегіне саясатты араластырмау жөніндегі Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің үндеуін қолдады.

«Сонымен қатар Мемлекет басшысы пандемия қаупі мен биологиялық қатерді азайтуға бағытталған жаңа бірлескен шаралар қабылдау өзекті екенін жеткізді.

Ол Қазақстан көлік бағыттарын әртараптандыру жұмыстарын жүргізіп, Транскаспий халықаралық көлік дәлізін (Орта дәліз) белсенді дамып келе жатқанын хабарлады.

Қазақстан Президенті сондай-ақ барлық елді Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізу үшін күш біріктіруге шақырды. Оның пікірінше, ОДМ-ды жүзеге асыру ісі жекелеген мемлекеттер деңгейінде ғана емес, өңірлік және жаһандық деңгейде де бірлескен күш-жігерді талап етеді. «Сондықтан Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін ОДМ жөніндегі БҰҰ-ның Өңірлік орталығын ашу қажет деп санаймыз.

Сонымен қатар, климаттың өзгеруіне қатысты мәселеге де тоқталды.

БҰҰ есебіне сәйкес, климаттың өзгеруі салдарынан жер бетінде 5 миллиардтан астам адам ауызсуға зәру болуы мүмкін. Президент су тапшылығы мен тұрақсыздықтың белең алуы мемлекеттердің азық-түлік, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кері әсерін тигізеді деп санайды

Естеріңізге сала кетейік! Үндістан 12-13 қаңтарда жаһандық Оңтүстік елдерінің проблемаларына арналған виртуалды саммит өткізеді, оның тақырыбы: «Бір дауыс, бір мақсат». Қатысуға 120-дан астам мемлекеттің өкілдері шақырылды.

Добавить комментарий