Қазақстан Президенті Қ.Қ. Тоқаев геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде осы БҰҰ-ның әлеуеті мен рөлін арттыра түсу керек екенін айтты.
«Қазақстан осыдан 30 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Біз БҰҰ-мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өркениетті қоғам құру мәселесіне байланысты ынтымақтастық орнаттық. Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде осы ұйымның әлеуеті мен рөлін арттыра түсу керек», — деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында.