Тоқаев Қазақстанның АҚШ-тағы жаңа елшісін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның дипломатиялық миссиясының басшысы ретінде АҚШ-қа баратын Ержан Ашықбаевты қабылдады.

Ақорданың мәліметінше, кездесу барысында Президент Вашингтонмен арадағы кең ауқымды стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытудың маңызды екеніне назар аударды.

«Америка Құрама Штаттары Қазақстан экономикасының ірі инвестор болып табылады, энергетика, ауыл шаруашылығы және жаңа технологиялар саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық белсенді дамуда. Екі ел арасында айтарлықтай құқықтық-шарттық база қалыптасқа, мәдени-гуманитарлық және білім салалары табысты өзара іс-қимылды жалғастыруда», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы Ержан Ашықбаевқа Президент Джозеф Байден әкімшілігімен өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қоюға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Добавить комментарий