Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Балаларды қорғау күнімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев әлемде баланың күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ екенін атап өтті. Және өскелең ұрпақты дамуына қолайлы жағдай жасау — мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады деді.
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күні – ерекше қуаныш пен мейірімге толы шуақты мейрам екенін атап өтті.
«Баланың күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ екенін осы мерекеде бәріміз айқын сезінеміз. Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қазақстанда Біз заманауи мектептер мен жайлы балабақшалар салып, инновациялық орталықтар, оқушылар сарайларын және спорт кешендерін ашылып жатқанын атап өтті. Үйірмелер мен секциялар да ұйымдастырылған.