Тоқаев: Қазақстандағы климат тез өзгеріп жатыр

Қазақстан Президенті БҰҰ Бас ассамблеясының 76-сессиясының жалпы дебаттарына қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашаққа сенім – өмірге төзімділікті күшейту: COVID-19-дан кейінгі қайта жаңғыру, орнықты қалыпқа келу, әлем қажеттіліктерін қанағаттандыру, адам құқықтарын құрметтеу және Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін жандандыру» тақырыбында сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы дебатқа қатысушылардың назарын көмірқышқыл газдың өте жоғары деңгейіне аудартты», — делінген бейсенбіде таратылған хабарламада.

Ормандардың өртенуі, циклондар, су басу және құрғақшылық адамдарға апат алып келетін қалыпты жағдайға айналды.

«Теңізге шығатын жолы жоқ ірі мемлекет болып саналатын Қазақстанның климаты тез өзгеріп жатыр, сонысымен халқымыз бен экономикамызға қауіп келтіруде. Соңғы 75 жылдың ішінде жылдық орташа температура 2 градуска жылынып, қазіргі уақытта әр бес жыл сайын қуаңшылық болып келеді. Осыған байланысты Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегінен таза ел болуды көздейді. Келесі айдан бастап біз 2008 жылғы деңгеймен салыстырғанда ішкі жалпы өнімнің энергия шығынын 50 пайызға азайтуға бағытталған 2050 жылға дейін көміртегі аз ұлттық стратегияны дамытуды бастаймыз», — деді Тоқаев.

Добавить комментарий