Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Тоқаев Ауғанстанмен шекарадағы қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды

16 мая 06:32 / Опубликовано в Саясат

Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев ҰҚШҰ көшбасшыларының кездесуінде Ауғанстанмен шекарадағы қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды.

ҰҚШҰ Орталық Азияның оңтүстік шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көбірек көңіл бөлуі керек, деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өткен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың сайты.

Мерейтойлық жиынға Қазақстан көшбасшысынан басқа Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Ресей Президенті Владимир Путин, сондай-ақ ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Станислав Зась қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуге қатысқандарға ілтипат білдіріп, мерейтойлық сессияны ұйымдастырғаны үшін Владимир Путинге ризашылығын білдірді.

Қазақстан Президенті ҰҚШҰ-ның 30 жыл ішінде одан әрі даму үшін зор әлеуеті бар көпжақты ынтымақтастықтың нақты механизмі ретінде қалыптасқанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев бейбітшілік пен тұрақтылықты, халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті сақтау, мүше мемлекеттердің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау ҰҚШҰ-ның басты міндеті екенін айтты. Президент ҰҚШҰ-ның тұрақты жұмыс органдарының табысты қызметіне, әртүрлі форматтағы тығыз ынтымақтастықты, сондай-ақ Ұйымның күштік, құқық қорғау және бітімгершілік әлеуетін күшейту мәселесіне тоқталды.

Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде халықаралық терроризм мен экстремизмге, заңсыз есірткі және қару-жарақ айналымына, көші-қонға, соның ішінде Ауғанстандағы ахуалдың өршуіне қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударды.

«Ауғанстандағы жағдай, сондай-ақ осы елдің аумағындағы қарулы топтардың белсенді әрекеті мемлекеттеріміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қатер төндіріп отыр. ҰҚШҰ барлық ықтимал қауіп-қатерлерді ескеріп, Орталық Азияның оңтүстік шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көбірек көңіл бөлуі керек деп есептеймін», — деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің әлеуетін нығайту Ұйым қызметінің тағы бір өзекті міндеті екенін айтты.

«Біздің ойымызша, қазірдің өзінде ҰҚШҰ-ны БҰҰ-ның бітімгершілік қызметімен байланыстыру міндетін күн тәртібіне қою қажет. Бұл қадам Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының субъект ретіндегі құқығын нығайтады. Сондай-ақ Ұйымның бейбітшілікті сақтау жөніндегі халықаралық бітімгершілік операцияларға қатысу тәжірибесін қамтамасыз етеді», — деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: Ауғанстан, шекара, Қазақстан, Қасым-Жомарт Тоқаев, ҰҚШҰ

Читать ещё

Нұрсұлтан Назарбаев «Шымкент ескі қалашығына» іс-сапарымен барды
Назарбаев Қытай Коммунистік партиясының 100 жылдығына арналған халықаралық шараға қатысты
Қазақстан Түрікменстанмен келісімді ратификациялауға ниетті

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Ресей Болгариядағы елшілігін жабу мәселесін қарастыруды жоспарлауда

    РФ билігі Болгариядағы мемлекеттің дипломатиялы...
  • Киев: Украиналық борш ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енгізілді

    Украиндықтардың басты ұлттық тағамдарының бірі ...
  • Қазақстанның елтаңбасы қоқысқа тасталды

    Павлодарда қоқыста Қазақстанның елтаңбасы табыл...
  • Талдықорған: Ер адам мешітте имамды соққыға жықты

    Талдықорғанда имамды ұрған деструктивті діни ағ...
  • Алматылық санитарлық дәрігерлер балмұздақты таза зұлымдық деп атады

    Қазақстандық санитарлық дәрігерлер балмұздақтың...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: