Тоқаев Ауғанстандағы ахуалға қатысты пікір білдірді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанда қалыптасқан жағдайға түсініктеме берді. Мемлекет басшысы кез келген сын-қатерге дайын болу керек екенін айтты.

Ауғанстандағы ахуал және жаһандық шиеленістің күшеюі бізге қорғаныс өнеркәсібі кешенін және Әскери доктринамызды толығымен қайта қарауға міндеттейді, деп мәлімдеді сәрсенбі күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Ауғанстандағы ахуал және жаһандық шиеленістің күшеюі бізге қорғаныс өнеркәсібі кешенін және Әскери доктринамызды толығымен қайта қарауға міндеттейді. Қорғаныс қабілетімізді нығайтып, қауіп-қатерлерге жедел үн қату мемлекеттік маңызы бар басымдыққа айналуға тиіс», — деп мәлімдеді Тоқаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында.

Оның айтуынша, сыртқы қатерге және оқиғаның қалай өрбуіне де дайын болуымыз керек.

Мемлекет басшысы сырттан төнетін қауіпті модельдеу айрықша өзектілікке ие болуда екенін айтты.

« Стрес-тест өткізіп, сценарийлер дайындаған жөн. Соның негізінде мемлекеттік аппараттың іс-қимыл жоспары әзірленіп, түзетіліп отыратын болады», — деп атап өтті Президент.

Тәліптер Ауғанстанды қалай басып алды

Ауғанстаннан шетелдік контингентті шығару АҚШ пен «Талибан» қозғалысы арасындағы 2020 жылғы ақпанда қол жеткізілген бейбіт келісім аясында басталды.

Келісімде шетелдік күштер шабуылға ұшырамауы тиіс екені атап өтілген, алайда тәліптердің ауған қауіпсіздік күштеріне қатысты әрекеті айтылмаған.

Дохадағы ауған аралық келіссөздер аясында тәліптер маусым айында шабуылдарын күшейтіп, қысқа мерзім ішінде көптеген уездерді, содан кейін Ауғанстанның әкімшілік орталықтарын басып алды.

Ашраф Ғани 15 тамызда елден кеткеннен кейін Ауғанстан астанасы Кабул қаласы тәліптердің қолына өтті. Панджшерді қоспағанда, Ауғанстанның барлық провинцияларын тәліптердің бақылауында.

 

Добавить комментарий