Тоқаев Астанада өтетін халықаралық форумға қатысады

Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев 28 қыркүйекте Астанада өтетін халықаралық технологиялық форумның жұмысына қатысады.

Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі Telegram-да хабарлады.

Еске салайық! Елордада 2022 жылғы 28-29 қыркүйек аралығында Digital Bridge 2022 технологиялық форумы өтеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысы мен Шымкент қаласында барып, жұртшылықпен кездесіп, бірқатар нысандарды аралады.

Анықтама үшін! Digital Bridge-2022 форумы өз алаңында Түркі мемлекеттері мен Орталық Азия елдерінің технопарктерін біріктіреді.

Биылғы форумның тақырыбы — «Central Eurasia as a new tech platform» — «Орталық Еуразия жаңа технологиялық платформа ретінде қалыптасуда».

Форум бағдарламасына ІТ-стартаптар аллеясы және Түркі Мемлекеттері Ұйымына мүше мемлекеттердің және Орталық Азия елдерінің технопарктерінің көрмесі сияқты ауқымды іс-шаралар кіреді.

Бұл бағыт Түркиядағы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің VIII саммиті барысында қабылданған шешім аясында айқындалды, онда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі елдерінің жас IT-мамандарының форумын ұйымдастыру туралы ұсыныс айтты.

Бұдан басқа, IT мектептердің көрмесі, IT бос орындар жәрмеңкесі, Astana Hub Battle, VR, GameDev алаңдары ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Форум аясында стартаптар үшін елдегі алғашқы ресми TikTok офлайн-алаңы құрылатын болады. Барлық өңірден венчурлік инвесторлардың қатысуы күтілуде. Көптеген панельдік сессияларда жетекші халықаралық сарапшылар IT әлемінің өзекті мәселелерін талқылайды.

Добавить комментарий