Тоқаев ArcelorMittal компаниясының басшысымен кездесті

Президент «АрселорМиттал» компаниясы басқармасының атқарушы төрағасы Лакшми Митталды қабылдады

Кездесуде «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының Қазақстандағы қызметінің өзекті мәселелері мен алдағы уақытқа арналған жоспары талқыланды. Сондай-ақ өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жергілікті тұрғындарға әділ еңбекақы төлеу, әлеуметтік міндеттемелерді орындау және материалдық-техникалық базаны жаңғырту мәселелері әңгіменің арқауына айналды.

Лакшми Миттал Мемлекет басшысына ArcelorMittal компаниясының инвестициялар көлемі бойынша жоспарлары туралы хабардар етіп, ұзақ мерзімді тұрақты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін растады.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін компания мынадай бағыттарда әрекет етуді жоспарлап отыр:

барлық жаңа жобалар үшін ең жақсы қолжетімді технологиялардың ұсынымдарын орындау;

Теміртауда қуаты 100 МВт жел энергетикасы жобаларын іске асыру;

2022 жылдың соңына дейін 100 мың көшет және 2026 жылға дейін 500 мың көшет отырғызу;

Қарағанды және Теміртау қалаларындағы университеттермен ынтымақтастық арқылы Қазақстанда осы бағытта практикалық тәжірибе жинау үшін әлемдік сарапшыларды және ҒЗТКЖ-ға жеке қолдауына ие болу;

қазақстандық кадрларды дамыту.

Лакшми Миттал «жасыл сутегі» мен темір кенінің бай ресурстарына ие бола отырып, Қазақстан болат құю өнеркәсібіндегі заманауи технологияларды дамыту үшін жоғары әлеуетке ие екенін атап өтті.

Лакшми Миттал Қасым-Жомарт Тоқаевқа жуық арада «АрселорМиттал» компаниясы Қазақстанға 1 миллиард доллар көлемінде инвестиция құятынын, оның басым бөлігі өндірісті жаңғыртуға, қоршаған ортаны қорғауға, өнеркәсіптік қауіпсіздік және Қазақстандағы компания бөлімшесінің өндірістік қуатын тұрақты дамыту бойынша ірі жобаларды іске асыруға бағытталатынын жеткізді.

Добавить комментарий