Қасым-Жомарт Тоқаев 2001 жылғы 11 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында болған террорлық шабуылдан қаза тапқандарды еске алу күніне орай жазба жариялады.
«Бүгін біз де бүкіл әлемді дүр сілкіндірген АҚШ тарихындағы ең қаралы күндердің бірі – 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі террорлық акт құрбандарын еске аламыз. Жалпы адамзатқа қарсы жасалған осы жантүршігерлік оқиға бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдардың жадында берік сақталған», — деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында.
«Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың терроризмге қарсы іс-қимылдарын түбегейлі қолдайды. Қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету – Қазақстан стратегиясының және АҚШ-пен стратегиялық серіктестігіміздің негізгі ұстанымы», — деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.