ТМД миссиясы Қазақстандағы парламенттік сайлауды бақылауға кірісті. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары атқарушы Виктор Гуминскиймен кездесті.
ТМД Бақылаушылар миссиясының мүшелері сайлаудың жарияланғанынан бастап дауыс беру күніне дейінгі науқанның негізгі кезеңдерімен танысты. ОСК баспасөз қызметі миссия бақылаушыларының Қазақстандағы сайлауды бақылауда, соның ішінде Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауда үлкен тәжірибеге ие екенін атап өтті.
Достастықтың бақылаушылары Қазақстанда өз қызметтерін он төртінші рет атқаратын болады. Виктор Гуминский, ТМД атқарушы комитеті төрағасының бірінші орынбасары:
«Ұзақмерзімді бақылаушылар саны шамамен 20 болады — олар ТМД атқарушы комитетінің өкілдері және ҚР-да жұмыс істейтін дипломатиялық корпус өкілдері болады. Әзірге біз қысқа мерзімді бақылаушылардың нақты санын айта алмаймыз. Бүгінде бізде аккредиттеуге 200-ге жуық өтініш түсті».