ТКШ шот-түбіртегін төлеу кезінде ТАӘ мен ЖСН неге жоғалып кетті

Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу кезінде қазақстандықтарға берілетін түбіртектерде тұтынушының жеке мәліметтерді алып тастау туралы ұсыныс есептік орталыққа прокуратурадан келіп түсті.

Астана қаласының есептеу орталығы коммуналдық қызмет төлеу кезінде түбіртектен тұтынушының ТАӘ мен ЖСН неге жоғалып кеткенін түсіндірді.

«Жаңашылдық тұтынушылардың дербес деректерін қорғауды күшейту мақсатында іске асырылды», — делінген есептеу орталығының Instagram-дағы жазбасында.

Орталық атап өткендей, түбіртекте жеке деректерді көрсетпеу Қазақстан Республикасының прокуратура органдары мен Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің ұсынуы бойынша іске асырылды.

Добавить комментарий