Өткен тәуліктегі COVID-19 бойынша статистика: коронавирустың 5285 жағдайы тіркелді

ҚР Денсаулық Cақтау министрлігінің хабарлауынша, елімізде өткен тәулікте COVID-19 және ковидтік пневмонияның 5285 жағдайы тіркелді.

«2020 жылғы 13 наурыздан 2021 жылғы 29 тамызға аралығында — 785 149 жағдайы (өткен тәулікте 5222), қайтыс болғандар — 9222 (28 тамызда 104); 2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2021 жылғы 28 тамызға дейін — 69 693 жағдай (28 тамызда 63), қайтыс болғандар — 4406 (28 тамызда 20)», — делінген 30 тамыз таңертең індет жұқтырғандардың тәуліктік өсімі туралы дүйсенбі күні таратылған хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда 115 694 адам коронавирус инфекциясынан (–108 831+ және 6 863 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 26 181 пациент стационарда, 89 513 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 793 адамның жағдайы ауыр, 495 пациенттің жағдайы өте ауыр, 232 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», — делінген хабарламада.

Ресми деректер бойынша, Қазақстанда COVID-19-дан 667 096 адам сауығып шыққан.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 6 611 018 адам, екінші компонентін 5 339 029 адам алды.

Добавить комментарий