Өткен тәулікте пневмониясы бар 46 адам тіркелді

Денсаулық сақтау министрлігінде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония диагнозы қойылған жағдайларының саны туралы ақпарат жарияланды. Өткен тәулікте осы аурудың 46 жағдайы тіркелді.

9 қарашада Денсаулық сақтау министрлігінде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылық туралы ақпарат берілді.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен сырқаттанудың 46 жағдайы тіркелді және 44 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бастап барлығы: ауырғандар- 39104, өлім жағдайлары — 409, емделіп шыққандар — 29182.

Өлім-жітім

Өлім жағдайына келетін болсақ, коронавирустық пневмониядан бір тәулік ішінде бірде-бір адам қайтыс болған жоқ. Коронавирустан 6 адам қайтыс болды.

1 тамыздан бері пневмониядан барлығы 409 адам, коронавирустан — 1899 адам қайтыс болды.

Добавить комментарий