Өткен тәулікте коронавирустан 33 адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустық инфекциядан 33 адам қайтыс болды, бұл көрсеткішке коронавирустық пневмония салдарынан қайтыс болғандар да кіреді.

Бүгін, 2021 жылғы 20 сәуір күнгі мәлімет бойынша, 38 997 адам КВИ-ден (38 634 КВИ+ және 363 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 13 836 пациент стационарда, 25 161 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 663 адамның жағдайы ауыр;
  • 176 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 96 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Бір тәулік ішінде коронавирустан 30 қазақстандық қайтыс болды. 13 наурыздан бастап барлығы 3436 өлім жағдайы тіркелді.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

2021 жылғы 18 сәуірдегі мәлімет бойынша, 11 жаңа жағдай тіркелді, 3 жағдай өліммен аяқталды. 47 адам сауығып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Науқастар саны — 51 890, өлім-жітім жағдайы — 754, барлығы 50 773 адам емделіп шықты.

Добавить комментарий