Өткен тәулікте коронавирустан 10 адам қайтыс болды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 10 өлім-жітім жағдайы тіркелді. Сондай-ақ, бірде-бір қазақстандық пневмониядан қайтыс болған жоқ.

18 ақпандағы жағдай бойынша КВИ-ден 21 994 адам емделуде (13 644 КВИ+ және 8 350 КВИ-), оның ішінде стационарларда — 4 900 науқас, амбулаториялық деңгейде — 17 094 науас бар.

Сондай-ақ, 16 ақпанда пневмониямен сырқаттанушылықтың 61 жағдайы тіркелді. 160 адам емделіп шықты.

Добавить комментарий