Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 18 жаңа жағдайы анықталды.
Өткен тәулікте елімізде КВИ жұқтырудың 18 жағдайы тіркелді, алдыңғы күнмен салыстырғанда алты науқасқа көп. Науқастар туралы деректі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жариялады.
Бір қазақстандық пневмония белгілері бар коронавирустық инфекциямен ауырды.
18 қазандағы мәлімет бойынша, 949 адам коронавирус инфекциясынан (–818+ және 131 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 109 пациент стационарда, 840 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
4 адамның жағдайы ауыр,
2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.