Адамдар ыстықтан бой тасалау қалу үшін адамдар су қоймаларында суға шомылып жүр. Егер суға шомылудың қарапайым ережелерін сақтамаса, демалыс қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін. ҚР ТЖМ хабарлағандай, өткен демалыс және мереке күндері 54 адам суға батып кетті, оның 17-сі бала. Тағы 40 адам, соның ішінде 11 бала құтқарылды.
Қайғылы оқиғалардың ең көбі Алматы облысындағы су қоймаларында орын алды — тоғыз адам суға кетті. Ақмола облысында — сегіз адам, Қарағанды облысында — жеті адам.
Суға шомылу маусымы басталғалы 1 маусымнан бастап өз күштерін дұрыс бағаламау, мас күйінде суға шомылу, шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түсу, суға батып бара жатқан адамды құтқару кезінде және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру салдарынан еліміздің су айдындарында 149 адам, оның ішінде 27 бала суға батып, қайтыс болды. Суға батқандардың ең көп саны Алматы облысында — 19, Түркістан облысында — 16, Шығыс Қазақстан облысында — 15 және Ақмола облысында — 14 тіркелген.
Су айдындарының жағалау аумағын патрульдеу жұмыстарын жүргізу кезінде құтқарушылар мен полиция қызметкерлері 111 адамды, оның ішінде 23 баланы құтқарды.
ТЖМ азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Бірінші кезекте:
Алкогольден және есірткіден мас болған күйінде суға кіруге және шомылуға.
Қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге.
Тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге.
Жүзу шекарасын белгілейтін буйкалардың артынан жүзуге.
Жүзуге арналмаған заттарда жүзуге.
Балаларға ересек адамдардың қарауынсыз суға шомылуға тыйым салынады.
Әр адам қауіпті жерлерді және шомылатын су қоймасының ерекшеліктерін білуі керек, өйткені жабдықталмаған жерлерде тастар, су басқан бөренелер, темір кесектері, шыны және басқа заттар болуы мүмкін.