TikTok-қа Қазақстанға өз өкілдігін ашу ұсынылады

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары ведомство Қазақстандағы TikTok-тың қызметін кеңейту идеясын қолдайтынын хабарлады.

Шығыс Еуропадағы TikTok өкілдігінің директоры Олег Соколов ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровпен және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілдерімен кездесті.

Компания делегациясы Қазақстанға білім беру, мәдениет, туризм және платформаны дамыту мәселелерін талқылау үшін келді.

Алмас Айдаров Қазақстанда компания өкілдігін ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды және компанияның елдегі бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін хабарлады.

Платформа өкілдерінің ақпараты бойынша, Қазақстанда тіркелген 7 млн-нан астам пайдаланушы бар.

Добавить комментарий