Америкалық танымал The New York Times БАҚ жүргізген сауалнамаға 177 мың адам қатысты.
Америкалық The New York Times газетінің сауалнамасына қатысқан 177 мың адамның шамамен үштен бірі (32%) Шығыс Еуропа картасынан Украинаны таба алмады.
The New York Times өтіп бара жатқан жылдың басты жаңалықтары бойынша дәстүрлі онлайн-викторина өткізіп жатыр. Оқырмандарға қойылған срақтардың арасында пандемия, АҚШ президенті Джо Байденнің заңнамалық күн тәртібі, Токио Олимпиадасының қорытындысы, жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты жанжалдар және 2021 жылғы басқа да басты оқиғалары болды. Бірқатар сұрақтар халықаралық саясат жаңалықтарынан алынды.
Сұрақтардың бірінде оқырмандардан Еуропадағы жағдай шиеленісіп кетуіне себеп болған Ресейдің қай елмен шекараға қарулы күштерін орналастырғанын сұрады. Сауалнамаға қатысушыларға берілген картадан төрт елдің бірін таңдау ұсынылды. Украинадан басқа, оқырмандар картадан Беларусь, Польша және Грузияның қайда орналасқанын көрсете алады. АҚШ-тың бірқатар БАҚ өкілдерінің пікірінше, Ресей мен НАТО арасындағы қарулы қақтығысқа себеп болған Украинаның орналасқан жерін, сауалнама басталғаннан бері екі күн ішінде 177 мың адамның шамамен 56 мыңы таба алмады.
Сонымен қатар, The New York Times оқырмандарының географиясын тексеруге арналған сұрақта Ever Given танкері қайраңға тұрып қалған Суэц каналын картадан тез тапты. Қатысушылардың 93%-ы Суэц каналын тапты.
АҚШ-тағы 2021 жылғы басты ішкі саяси тақырыптардың бірі — бұрынғы президент Дональд Трамптың жақтастырының 6 қаңтарда Капитолийге жасаған шабуылы. Сұрақтардың бірінде оларға insurrection (ағылшынша көтеріліс, бүлік) терминін қатесіз ұсынылды. The New York Times оқырмандарының 12%-ы қатесіз жазды.
Соңғы кездері Батыс елдерінде, сондай-ақ Киевте Ресейдің Украинаға басып кіруі ықтимал деген болжамжар айтылып жатыр. Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мұны жағдайды шиеленістіруге бағытталған ақпарат деп атады. Ол Ресей ешкімге қауіп төндірмейтінін атап өтті. Сонымен қатар, Песков Украинаның оңтүстік-шығысындағы дағдарысты күшпен шешілетін болса салдары ауыр болатынын ескертті.