Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустин Воронеж облысының губернаторы Александр Гусевпен кездесуі барысында аталған вирустың басқа да мутацияларымен салыстырғанда COVID-19-дың омикрон-штамы жұқпалырақ, бірақ адам өлімі аз екенін мәлімдеді.
Үкімет басшысы сондай-ақ аймақтың тұрғындарын вакцина салдыруға және барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға шақырды.
Сондай-ақ, ол ресейлік дәрігерлерге қолдау білдіріп, қиын-қыстау уақытта ресейліктердің денсаулығы үшін барын салып күресіп жатқанын айтып, пандемияның тез арада аяқталатынына сенім білдірді.
Жедел штабтың 20 қаңтар күнгі мәліметтері бойынша, өткен тәулікте Ресейде COVID-19-дың 38 850 жағдайы тіркелді. Пандемия басталғалы бері науқастардың жалпы саны 10 938 261-ге жетті.