Tesla көліктерінде ақау шықты

Илон Маск көлікте болған техникалық ақауға қатысты пікір білдірді, ақауға байланысты әлем бойынша барлық көлік иелері машинасына кіре алмай қалған.

Компания басшысы Илон Маск кешірім сұрады.

Reuters агенттігі ақаудың неден шыққанын хабарлады. Көлік иелерінің басым бөлігі көліктің есігін құлыптау үшін және көлікті оталдыру үшін Tesla App Support мобильді қосымшасын пайдаланады. Осыған байланысты көптеген адамдар көліктің кілтін алып жүрмейді

Өткен демалыс күндері жүздеген жүргізуші әлеуметтік желіде көлікте ақау шыққанына шағымданып, электркарды іске қосып, оталдыра алмай отырғанын айтты.

«Мен үйден бір сағаттық жерде қалып қойдым, өйткені мен әдетте көлікті оталдыру үшін телефонды қолданамын», — деп жазды көлік иелерінің бірі.

Оңтүстік Кореядағы тағы бір көлік иесі смартфондағы қосымша арқылы цифрлық кілттің көмегімен көліктің есігін аша алмай отырғанын мәлімдеді.

Tesla негізін қалаушы Илон Маск оңтүстіккореялық қолданушының твитіне жауап берді. Көп уақыт өтпей миллиардер қосымшадағы ақаулар жойылды деп жазды.

«Қазір бәрі қалпына келуі керек. Шамасы, желідегі сұраулар санының артуына байланысты ақау пайда болды. Кешіріңіз, бұл енді қайталанбайды», — деп жазды Маск.

Жалпы алғанда, 500-ге жуық пайдаланушы көлікке қатысты қиындық болғанын хабарлады. Ақаудың басым бөлігі бес сағат ішінде жойылды.

Добавить комментарий