Бүгінгі брифингте ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов мәлімдегендей, тергеушілер мен жедел уәкілдердің жұмысын бейнебақылау камераларының көмегімен бақыланатын болады.
Жыл соңына дейін халықпен өзара әрекет ететін барлық полиция бөлімшелерінің қызметтік мекемелеріне бейнебақылау жүйесін орнату жоспарлануда.
Сәкен Сәрсенов Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына жолдауындағы Ішкі істер министрлігіне пенитенциарлық мекемелер мен халықпен жұмыс жасайтын полиция бөлімшелерін үздіксіз бейнебақылауды қамтамасыз етуді тапсырғанын айтты
«Қазір барлық полиция бөлімшелерінде ағымдағы жылы аяқталатын бейнебақылау жүйесін орнату бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Нәтижесінде 16 658 камера орнатылатын болады. ІІМ басшысының орынбасары Сәкен Сәрсеновтің айтуынша, енді полиция қызметкерлерінің өздері де бейнебақылауда болады, олардың қызметі халыққа ашық болса, халықтың шағымдар саны да азаяды. Яғни, халықпен өзара әрекет ететін тергеушілер, жедел уәкілдер және қызметкерлерімізді бейнебақылау арқылы қадағалаймыз. Яғни, олардың кабинеттеріне бейнекамера орнатылады, олар ЖБО және Нұр-Сұлтан қаласына шығарылады. Бұл жұмысты бірінші желтоқсанға қарай аяқтауды жоспарлап отырмыз», — деді спикер.
Оның айтуынша, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 33 966 камера орнатылады.
«Ағымдағы жылы бейнебақылаумен жұмыс істеу жағдайы ең қиын 29 мекеме қамтылып, қалған мекемелерде қашықтан бейнебақылаумен қамтамасыз ету 2023 жылы аяқталады.
Арнайы контингент қамалған және отырған орындарда орнатылған барлық камералар қорғау дәрежесі жоғары, оларды қолмен бұзу және зақымдау мүмкіндігін болдырмайды», — деп түсіндірді спикер.
Жалпы, оның айтуынша, бейнебақылау камераларын орнату, ең алдымен, түрмедегі адамдардың құқықтарын, олардың қауіпсіздігін сақтауға және қорғауға бағытталған. Сонымен қатар, сотталғандар тарапынан да, мекеме әкімшілігі тарапынан да болуы мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алудың бір амалы.