Теміртауда болған жол апатынан әкесі мен ұлы қаза тапты

Бүгін, 2021 жылғы 28 шілдеде Теміртауда әкесі мен он жасар ұлы жол апатынан қаза тапты

Облыстық полицияның мәліметінше, Lada Granta жүргізушісі Теміртауға бара жатқан кезде, Нұрғазған кенішіне бұрылған бетте HOWO жүк көлігімен соқтығысқан.

Автокөлік кюветке қарай шығарып кетті. Жол апаты салдарынан Lada Granta жолаушылары, әкесі мен баласы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Жүргізуші ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлайды ведомство өкілдері.

Аталған факт тіркелді және тиісті сараптамалар тағайындалды.

Добавить комментарий