Теміртауда өз отбасына көмектескісі келген жасөспірім анасына айтпай жұмысқа орналасқан. Алғашқы еңбек тәжірибесі өкінішті аяқталды, 15 жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлады.
Жасөспірім екі досымен құрылыста небәрі екі күн жұмыс істеді. Хабарланғандай, алаңда оларға қауіпсіздік техникасы түсіндірілмеген және қорғаныс құралдары берілмеген. 12 қазанда ол құрылыстың екінші қабатынан құлады. Оның миына қан құйылып, гематома пайда болды. Бала Қарағандыдағы ауруханаға жатқызылды.
«3 күннен кейін баламның жағдайы нашарлағандықтан миына ота жасалды. Нейрохирург Саят Қапанұлына кәсібилігі үшін рахмет, баламның өмірін әрең құтқарды. Ота төрт сағатқа созылды және кома жағдайында болды. Қазіргі уақытта операциядан жеті күн өтті, ұлым сөйлемейді, жағдайы ауыр, емдеуші дәрігер ешқандай болжам жасамайды», — деді үш айлық емшектегі баланы тәрбиелеп отырған жасөспірімнің анасы Зәуреш.
13 қазанда Зәуреш Старогородская полиция бөліміне арыз жазды. Оның айтуынша, фирма байланысқа шықпайды. Олар жасөспірімнің бейресми жұмыс істегеніне сілтеме жасайды.
Қарағанды облысының ПД аталған факті бойынша ҚР ҚК 277-бабы 1-тармағы бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.
Кәмелетке толмаған бала емделуде, нәтижелері бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалады. Тергеу актісін жүргізу үшін еңбек инспекциясына сұрау салынды, — деп хабарлады полицияда.