Темір жол құрылысы жобасы бойынша 1 млрд теңге тиімсіз жұмсалды

Түркістан облысында 2020 жылы теміржол құрылысына бөлінген қаражаттың тиімсіз жұмсалғаны анықталды.

Бұл туралы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті хабарлады.

«БЖК 2020 («Бизнестің жол картасы 2020» — ҚазТАГ) шеңберінде Ордабасы ауданының Бадам станциясында 2020 жылы салынған мұнай-химия зауытының вагондарын тұрақпен қамтамасыз етуге арналған кірме темір жолдар пайдаланылмайды, осыған байланысты 1 млрд. теңге сомасына бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған», — делінген бейсенбіде хабарламада.

Бұған дейін ҚазТАГ есеп комитеті халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 160 отбасыны Түркістан облысында 2 млрд теңгеге сатып алынған пәтерге қоныстандырмағанын хабарлағанын жеткізген болатын. Сондай-ақ, есеп комитеті өңірде бөлінген мемлекеттік қаражат 99%-ға игерілгенін, ал мақсатқа тек 80,1%-ға ғана қол жеткізілгенін хабарлады және облыстың су, газ және электрмен жабдықтау жағдайын сынға алды.

Добавить комментарий