Telegram-ның негізін қалаушысы инвестициядан бас тартты

Павел Дуров компанияға инвестиция салуды ұсынған батыс қорларының консорциумынан ұсынысты қабылдаудан бас тартқанын айтты.

Шетелдік БАҚ инвесторлар Telegram-ды $30 млрд-қа бағалағанын хабарлады. Әңгіме 5-10% үлесті сатып алу туралы болды. Ұсыныс өткен аптаның соңында жасалып, Дуров одан бас тартып үлгерді.

Бұған дейін америкалық The Information басылымы дереккөздерге сілтеме жасап, Telegram өкілдері банктермен және инвесторлармен ықтимал IPO кезінде акцияларға айырбасталатын жүздеген миллион доллардың қарыздық қаржыландыруды тарту мүмкіндігін талқылаған болатын. Дереккөздердің бірі қаржыландырудың $1 млрд-тан асып кетуі мүмкін екенін нақтылады.

Желтоқсан айында Павел Дуров мессенджердің монетизациялайтынын жариялаған. Келесі жылдан бастап Telegram мессенджер ішіндегі арналарға арналған жарнамалық платформа арқылы кіріс ала бастайды. Осы уақытқа дейін сервис жарнамадан табыс табуға тырысқан жоқ, бірақ TON блокчейн платформасы жабылғаннан кейін оған табыс көзі қажет

Добавить комментарий