Тергеушіге пара беруге оқталған лауазымды тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Сотталғандарға ірі айыппұл салынып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.
2022 жылдың 27 мамырында Қызылорда облысында Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Оспановқа қатысты айыптау үкімі шығып. Оған 5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
Осы үкіммен Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің 5 директоры Жұмабаев, Ильин, Ақбергенов, Сексембаев пен Кикбаев 10-нан 20 миллион теңгеге дейін түрлі айыппұлдарға сотталды.
«Жоғарыда аталған барлық тұлғалар облыстың спорт мектептерінің қызметіне жүргізілген талдау бойынша оң шешім шығарғаны үшін тексеруші адамға 6,5 миллион теңге мөлшерінде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды», — делінген Антикордың хабарламасында.
Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.