Техникалық байқаудың диагностикалық картасы электронды форматқа көшіріледі

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ) «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп техникалық байқаудың диагностикалық картасын цифрлық форматқа көшіру бойынша жұмысты қолға алды. Көліктің техникалық тексеруден өткенін растайтын құжат eGov mobile қосымшасының жеке кабинетінде қолжетімді болады, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

Арнайы сервисті әзірлеу бойынша техникалық жұмыстар аяқталу сатысында және жоба жоспарына сәйкес, жаңа сервистің пилоттық нұсқасы 1 қыркүйекте eGov mobile қосымшасында іске қосылады.

Аталған жобаның жоспарына сәйкес құжаттың цифрлы нұсқасы қадағалаушы органдардың дерекқорында сақталып, оны онлайн режімде тексеруге болады. Министрлік цифрлы құжаттардың заңды күші қағаз жүзіндегі аналогтармен бірдей және олардың артықшылығы көп деп мәлімдеді.

Бұл Қазақстандағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша алғашқы қадам емес. Бұған дейін, «Электрондық үкімет» порталы арқылы қате төленген әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдарды, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарының дұрыс есептелмеген сомаларын қайтару бойынша қызметтерге өтінім беру мүмкіндігі пайда болған.

Техникалық байқаудың цифрлық диагностикалық картасын енгізілуі жүргізушілерге өз деректеріне ыңғайлы әрі оңай қол жеткізуге, ал мемлекеттік органдар автокөліктің техникалық қауіпсіздік талабының сақталуын неғұрлым тиімді бақылай алады. Бұл Қазақстанда автомобиль саласын дамытуға бағытталған қадам.

Добавить комментарий