АҚШ-тың Техас штатында Рудольф «Руди» Фариас IV хабар-ошарсыз жоғалғаннан кейін сегіз жыл өткен соң табылды. Жасөспірімнің табылғаны туралы хабарлама Техас із-түссіз жоғалғандарға көмек көрсету орталығының Twitter-дегі парақшасында жарияланды.
2015 жылы Руди небәрі 17 жасында Хьюстонда иттермен бірге серуендеу кезінде жоғалып кеткен. Ол кезде іздеу жұмыстары сәтті болмады.
Жоғалғандарға көмек көрсету орталығы күтпеген жерден Рудидің табылғанын хабарлады. Анасының айтуынша, баласы шіркеу маңынан талып қалған қалған жерінен табылған, оның денесінде көгерген іздер болды. Бұл туралы CNN хабарлады.
Оның қалай жоғалғаны және табылған кездегі жағдайы жұмбақ күйінде қалып отыр, себебі Руди табылғаннан кейін бірнеше сөз ғана айтқан.
Қазір Руди ауруханада жатыр. Осыншама ұзақ уақыттан кейін ьабылғаны қоғамның қызығушылығын тудырырып отыр.