Теңіз: шланг жарылып, жұмысшы қаза тапты

«Теңізшевройл» қосалқы мердігерінің жұмысшысы сынақ жұмыстары кезінде қаза тапты. Жазатайым жағдай 24 тамыз күні шамамен кешкі сағат 16:00-да орын алған.

«Теңізшевройл» ЖШС ірі мұнай өңдеу кәсіпорнының қосалқы мердігері Infra Del Project жабдықтың герметикалығына пневматикалық сынақ жүргізді. Шлангтардің бірі жүктемеге төтеп бере алмай, жұмысшыға соғылды. Қызметкер қаза тапты.

«Теңізшевройл» ресми түсініктеме дайындап жатыр.

Бұл Теңізде қаза болған алғашқы жұмысшы емес. 2022 жылдың 6 шілдесінде құрылыс алаңында гидравликалық сынақ кезінде жарылыс болып, үш адам жарақат алып, екі қызметкер қаза тапты.

Добавить комментарий