Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалы қолайсыз ауа райына байланысты уақытша тоқтағаннан кейін мұнай тасымалдауға қайта бастады, деп хабарлайды компанияның ресми сайты.
Деректерге сәйкес, 2023 жылғы 22-26 желтоқсанда КҚК Теңіз терминалында ауа райы факторларына байланысты мұнай тасымалдау толығымен тоқтатылды, танкерлер күту аймақтарына өтті. Жүк жөнелтушілердің мұнайы мұнай құбырының желілік бөлігіндегі бос резервуарларға және Теңіз терминалының резервуарлық паркіне уақытша орналастырылды.
25-28 желтоқсанда Теңіз-Новороссийск мұнай құбыры арқылы тасымалдалуы тиіс мұнай сақтауға арналған барлық резервуарлар толып қалуына байланысты, жүк жөнелтушілерге бұл туралы хабарлама жолданды.
Хабарламада: «26-27 желтоқсанда ауа райының жақсарғаннан кейін Консорциумға Теңіз терминалының шығарылатын айлақ құрылғыларынан танкерлерге мұнай тиеу қайта басталды: жалпы дедвейті 218 мың тонна болатын екі танкер тиелді. 2023 жылғы 28 желтоқсанда мұнай жөнелту іске қосылып, қазіргі уақытта КҚК мұнай құбыры жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр».