Теңгенің долларға қатысты бағамы әлсіреді

Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде АҚШ долларының максималды бағамы Нұр-Сұлтанда 477,5 теңге және Алматыда 479 теңге болды.

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа сараланған бағамы 2022 жылғы 7 қыркүйекте сағат 17:00-де 473,18 теңге болды. 6 қыркүйек күні сағат 17:00-дегі дерекпен салыстырғанда (472,51 доллар үшін 1 теңге) ұлттық валюта долларға қатысты 0,67 теңгеге әлсіреді.

KASE ақпараты бойынша, сауда-саттықта ең төменгі бағам бір долларға шаққанда 472 теңге, максималды бағам — 475,60 теңге, жабылу бағамы — 473,60 теңге деңгейінде қалыптасты. АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 68 млн 266 мың долларды құрады. Валютамен операциялар бойынша мәмілелер саны — 198. Сағат 15:30-да АҚШ валютасының орташа алынған бағамы 473,10 теңге деңгейінде қалыптасты. kurs.kz мәліметі бойынша, сағат 17:37-дағы жағдай бойынша, елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы 477,5 теңге, Алматыда 479 теңгені құрады.

Ұлттық банктің ресми бағамы 7 қыркүйекте 1 доллар үшін 472,47 теңге болды. 8 қыркүйекте ресми бағамды анықтаудың қолданыстағы тәртібіне сүйене отырып, ол 1 доллар үшін 473,10 теңгені құрайды.

Добавить комментарий