Теңге автордарының бірі президенттікке үміткер ретінде ұсынылды

«Оралмандардың «Асар» бірлестігі» өкілі — Хайролла Ғабжалилов Қазақстанда өтетін президент сайлауына түспек.

Ол ел президенттігіне үміткер ретінде сайлауға қатысу үшін ОСК-ға құжатын тапсырды.

Басқа кандидаттар сияқты ол ОСК-ға өз бірлестігінің жоғары органы отырысының хаттамасынан үзінді, өтініш, жарна төленгенін куәландыратын құжат, жеке басын куәландыратын құжат пен жоғары білім туралы дипломның көшірмесін берді.

Сүретші және архитектор Хайролла Ғабжалилов 1950 жылы Қарақалпақ АКСР-де дүниеге келген.

Чехословак сәулетші-суретшілер мектебін және Самарқан сәулет-құрылыс институтын тәмамдаған.

Алматыдағы жобалау институтында жұмыс істеді, Алматы құрылыс материалдары зауытын басқарды.

Еліміз тәуелсіздігін алғанда Хайролла Ғабжалилов Қазақстанның дизайн орталығының басшысы ретінде ұлттық валюта — теңгенің сыртқы келбетін жасаған суретшілер тобын басқарды.

Добавить комментарий