Тасжолда жедел жәрдем көлігі өртенді

Жетісу облысында тасжолда толғатып жатқан әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігі өртенді.

Жетісу полицейлері толғатып жатқан әйелді ауруханаға жеткізуге көмектесті. Келіншекті перзентханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті.

8 қараша күні “Алматы-Өскемен” тас жолында жедел жәрдем көлігінің сынуы орын алды. Жақын жерде республикалық жолдың аталған учаскесін бақылайтын полиция автопатрульі болды.

«Көліктің төменгі бөлігінде өрт шығып, жедел жәрдем қозғалысын жалғастыра алмады. Қабанбай ауылынан толғатып жатқан жүкті әйелді дәрігерлер Үшарал қаласына жеткізбек болғаны белгілі болды. Біздің қызметкерлері Айдын Ғазизов пен Данияр Жақсыгелдинов әйелді дереу полиция патрульіне отырғызып, жедел түрде ауруханаға жеткізді, онда әйелге қажетті көмек көрсетілді».

Жедел жәрдем қызметкерлері патрульдік полиция қызметкерлеріне жедел әрекет еткені үшін алғыстарын білдірді.

Добавить комментарий